Шымкентте қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасы мекемесінің ғимаратында өрт шықты

264

Шымкентте қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасы мекемесінің ғимаратында өрт шықты, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Оқиға бүгін түнде орын алған. Түркістан көшесінде орналасқан ғимараттың бірінші қабатын тілсіз жау орады. Өрттің шарпыған аумағы 9 шаршы метрді құраған. Тілсіз жау дер кезінде ауыздықталды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Қазір тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Бөлім бастығының мәлімдеуінше, аса маңызды құжаттар жанбаған. Ал өртенген бірқатар құжаттардың электронды нұсқалары сақталғандықтан, оларды қайта қалпына келтіруге болады.