Шымкентте көмірқышқыл газына уланып, бір бойжеткен көз жұмды

358

«Шымкентте көмірқышқыл газынан бір бойжеткен қаза болды»,-деп хабарлайды ОҚО бойынша ТЖД баспасөз қызметі.

Бұл бақытсыз жағдай жеке тұрғын үйдегі жылыту пешінің дұрыс жұмыс істемеу салдарынан болған. Салдарынан 1992 жылы туылған өрімдей жас қыз қаза болды.

Ол аз болғандай, Шымкентте «Сертаки» кафесінде өрт шықты. 270 шыршыметр аумақты шарпыған өрт кафенің шатыры мен төбесінен түк қоймаған. Құрбан болғандар жоқ. Тілсіз жауды ауыздықтауға 12 техника мен 76 адам жұмылдырылған.