Шымкентте Тараз тұрғыны тоналып, жарақаттанды

244

Шымкентте Тараздың тұрғыны травматикалық тапаншадан жарақаттанды.

«Стражник» травматикалық тапашасынан Тараз қаласының тұрғыны жарақаттанды. Оқиға 14-ақпан күні кешке Айбергенов көшесінде орын алған. 21 жастағы жігітке кешкі сағат 9 бен 10-ның арасында қарақшылық шабуыл жасалған. Зардап шеккен азаматты бірінші болып жол полицейлері тауып алған. Олар ақпаратты ОҚО ІІД жедел басқарма орталығына жеткізіп, «жедел жәрдем» шақырған.

Зардап шегушінің сөзіне қарағанда, Шымкентке ол алдын ала кездесетіні туралы келісіп қойған әскерде борышын бірге өтеген досына келеді. Ол досының кешке телефоны өшірулі болып шыққан. Кафеге кіріп, сыра ішкен. Кейін пәтерді іздестіру кезінде оған шабуылдап, ақша мен ноутбугін, киім кешегін алып, травматикалық қарумен мойнынан жарақаттап кетеді.

Қазір жас жігіт ауруханаға жатқызылды, ал полицейлер оның жауабына тексеріс жүргізуде.