Шымкентте жабайы сауда қатарлары азаймай тұр

Шымкенттегі Колос аялдамасы маңындағы жабайы сауда орындары әлі күнге дейін жабылмай келеді. Тіпті былтыр қала әкімі тиісті мекемелерге осы мәселемен айналысуын тапсырса да нәтиже теңізге құйған тамшыдай. Әлі күнге дейін жаяу жүргіншілер жолын иемденген саудагерлер олжа тауып жүрген орнын босатар емес.

Былтыр ақпанда Отырар арнасына қала тұрғындарынан осы мәселеге қатысты шағым хат келіп түскен болатын. Сөйтіп арна тілшілері арнайы материал әзірлеп тиісті мекеме басшыларын құлағдар етіп еді. Бірақ сол кезде жұмыс жасаймыз, мәселе шешіледі деп баққандар уәдесінде тұра алмады. Себебі арада жыл өтседе түйіткілді мәселенің түйіні түйілмей отыр.

Жалпы бұл мәселе талайдан бері айтылып та жазылып та келеді.Шымкенттік билік өкілдерінің де біраз уақыт болды, жабайы саудамен күрескеніне. Бірақ көше бойына жайылғысын жайып, саудасын қыздырып отырғандар өз әрекетін дұрыс санайды. Тіпті отырған орындарын әлдебіреулерден жалға алып, ол үшін ай сайын салық төлейтінін жасырмайды.

Оның үстіне нәпақасын айыру үшін сарышұнақ аязда сауда жасайтындарды да түсінуге болады. Базарда орын жоқ. Орын болса да жалға алуға қалта көтермейді.Ал аялдамаға аяңдағандар заңсыз саудагерлердің ешқандай тазалық талаптарын орындамайтынын айтуда. Сондай-ақ жаяу жүргіншілердің еркін жұріп тұруына кесе көлденең көлбелеңдеп кедергі келтіретіні тағы бар. Ал енді біреулері напақасын азын аулақ саудадан тауып, күнін көшеден көріп отырғандардың құқығын қорғаштап әлек.

Қазір көше бойына жайғасқандар әзірге бұл жерді босатпайтындарын айтты. Егер отырған орнымыздан тұрсақ, бала-шағамыз аш қалады деп ақталады