Табиғат қорғау министрлігі, экологиялық реттеу және бақылау комитетінің қорытынды мәліметі бойынша ауаның ластануынан Шымкент көш басына шықты. Мұндай көрсеткіш кезегінде бізден кейін Теміртау, Алматы, Өскемен, Қарағанды, Тараз және Жезқазған орналасқан. Алматы Өскеменнен кейін Шымқаламыздың кезекті үшінші жыл алғашқы үштікке еніп келеді. Екінші орынға көтерілген кезіміз де болған. Бірақ, топ бастағауымызға негіз жоқ дейді оңтүстіктің тұрғындары.
Қала тұрғыны: «Мұнымен келісе алмаймын. Ең жасыл қала біздің Шымкент. Мүмкін көліктердің есебінен болар. Бырақ, саябақ, жан жағымыз жасыл, көркейген Шымкент».
Ауаның ластануы жайлы рейтинг құрылғанда атмосферадағы азот диоксиді, күкірт, фенол, формальдегид көмірқышқыл оксид құрамы есепке алынады. Яғни, автокөліктердің ауаны ластағанының нәтижесі.
Еліміздің эколог мамандары қателесті деген күнде де бұл көңіл жұбатарлық жайт емес. 2010-2011 жылғы статистикалық есеп бойынша, Шымкент қаласының аумағында ауаны ластайтын заттар 25-26 мың тоннаны құрайды. Осыдан, адамдардың созылмалы ауруға шалдығу қауіпі күшейіп отыр.