Жарық үшін 26 теңгені төлейтін Қайтпастықтардың айқайы

300

«Қайтпас 1» шағын ауданындағы Жамауов көшесінің 150 түтіні пайдаланған электр энергияларының төлемақысын төлеуге қарсы. Бүкіл Шым шахардың тұрғындары электр жарығына табиғи монополияны ретеу және бәсекелестікті қорғау агентігінің бекіткен бағасымен төлесе, бұл көшенің тұрғындары үшін бағаны жеке тұлға бекітеді екен.

11 теңге 144 тиынның орнына 26 теңге талап ету ешбір заңға сай келмейтін келеңсіздік деген көпшілік көшеге шықты. Кезінде трансформатр мен бағананы өз қаражаттарына сатып алып, электр желісін тартқан тұтынушылар енді сол мүліктерін «Оңтүстік жарық транзит» мекемесі өз балансына алса дейді. Делдалға деген сенім жоқ.

Тұрғын: «26 болып келді. Осындай болған екен квитанцияның артына жеке куәлігіңнің нөмірін жаз дедім. Қолыңды қойып бер. Өйткені, ақшаны алып жатқан сіз дедім Эльмира деген қызға. Неге апай дейді. Бізде де құжатталған болсын деп ойлаймын. Содан кейін үйге келмей жатыр».

Талғат Будеев, тұрғын: «35 834 кВат шықты квитанция бойынша. Ал біздің барлық 3 көше бойынша жинағанымыз 22723,  13 111 кВат жетпейді. 145 үйге бөлсек бұл сомманы 26 теңге 02 тиын шығады».

Осы өтініштерін айтып көпшіліктің бармаған жері жоқ. Тек әзірге қол үшын берер мекеме табылмады. Соңғы үміттері Облыс әкімінде қолдарына арыздарын қолтықтап көліке отырған мына азаматтар облыс әкімдігіне қарай жол тарты .Алай да қала әкімдігінің коммуналдық бөліміндегілер жүргізілген жүйе талапқа сай келмейді сол себепті оны мемілекет меншігіне алу заңсыз дейді.

Айнұр Құланова, ТҮКШЖК және АЖ бөлімінің бас маманы: «Трансформаторын алуға мүмкіндік жоқ. Себебі, ол снимокқа сай емес. Электр жүйелері 16-лық, 32 болуы керек».

«Қайтпас» шағын ауданы электр жүйесін тарту жұмысының алғашқы кезеңі аяқталған. Жамауов көшесі екінші кезекке кіреді. Бүгінде жобалық сметалық құжат жасауға қаржы қаралған болып шықты. Олай болса, көп жыл бойы келісіммен жүрген көпшіліктің және шыдамдылық танытуына тура келеді.