Жер теліміне қатысты мәселе шешілмей тұр

Жер теліміне қатысты мәселе шешілмей тұр. Шымкент қаласы әкімдігінің алқа мәжілісінде ең алдымен осы мәселе талқыланды.  Себебі, соңғы кездері Шымкентте жер телімдерін беру және соған сәйкес игерілмеген жерлерді кері қайтару мәселесі өзектілігін жоғалтар емес. Бұл бағытта нақты жұмыстары тиянақтыланып жатса да кеуде қағып айтар жетістік жоқ.

Қалалық жер қатынастары бөлімінің 2011 жылы атқарған жұмыстарын талқылау барысында осындай мәселелер талқыланды. Бөлім бастығы Талғат Исқақовтың айтуынша, өткен жылы жерге деген сұраныста біршама азайған көрінеді.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе қала әкімдігінің жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс қимыл жөніндегі Кеңестің де жұмысына баға беру. Жиынға жиылғандар осы тақырыпқа кеңінен тоқталды.

Үкіметтік емес ұйымдарды жүйелендіру бағытында бірнеше олқылықтар айтылып, көпшіліктің қызу талқысына түсті. Қала әкімі аталған мәселелерге қатысты шұғыл қызметтік тексеру жүргізуді тапсырды. Сондай бұл мәселеге қатысты арнайы басқосу қажеттігі айтылды.