Úı ANONS Бос жатқан жер мемлекетке қайтарылды

Бос жатқан жер мемлекетке қайтарылды

Сурет: ашық дереккөзден

Түркістан облысында бос жатқан жер мемлекет меншігіне қайтарылып жатыр. Жер мәселесімен айналысатын арнайы топ әлі де бос немесе пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтауды көздеп отыр. Қайтарылған жерлердің арғы тағдыры не болмақ?

Жыл басынан бері Түркістан облысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы 220 мың гектар шамасында жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Бос жатқан жерді мемлекетке қайтару мақсатында жұмысшы топ құрылған. Нәтижесінде 4 мыңға жуық жер пайдаланушының 372,6 мың гектар жайылым жерінің тіркелмегендігі анықталған.

Ресми мәліметке сүйенсек, өткен жылы қоғамдық жайылым жер тапшылығы  байқалған. Нақтырақ айтқанда, 608 мың гектар жер сұралған. Ал биыл бұл көрсеткіш дерлік  539 мың гектарға азайды. Ал ауыл шаруашылығы мақсатындағы 145 мың гектар жерді айналымға қосу жоспарланған. Бүгінде 12 конкурс ұйымдастырылып, 110 мың гектар жер айналымға енгізілді. Оның ішінде, егістік жермен қоса жайылымдық жер де бар.

Айта кетейік, аймақта жер қоры 11 млн. 610,3 мың гектар. Оның ішінде ауыл шаруашылық мақсатындағы жер көлемі 4,5 млн гектардан асады.

Дилара Иса