Миллион теңге оңтүстіктің әншісіне бұйырды

Жылдың ең үздік опера әншісі Ерлан Жандарбай

Миллион теңге оңтүстіктік әншінің еншісінде. Қазақстан Театр қайраткерлері Одағының ұйымдастыруымен жыл сайын өткізілетін республикалық  «Еңлікгүл»  сыйлығының үміткері ретінде облыстық опера және балет театрының опера әншісі Ерлан Жандарбай ұсынылған болатын. Жас та таланты театр солисі Ерлан  Қазақстан бойынша 120 әртістің ішінен үздік деп танылып, «Жылдың ең үздік партиясы» деген атақты иеленді. Онымен қоса жүлде қоры 1 млн. теңгені құрайтын қаржылай сыйлыққа ие болды.

«Бағыма қарай бұл номинация маған бұйырып тұр екен. Жүлдемді барып, алып қайттым. Өте қуаныштымын. Театр саласындағы  үлкен өнер қайраткерлері  ризашылықтарын білдіріп, осы атақты ұсынып отыр. «Жылдың ең үздік опера және оперетта партияларын орындаушы» деген атаққа ие болдым»,- деп қуанышын жасырмады жеңімпаз.

Үздік әнші "Еңлікгүл" сыйлығын иемденді

Қазақстанда үш опера балет театры бар болса, оның бірі Алматыда, екіншісі Астанада, үшіншісі Шымкентте. Ал өнер майталмандарының қарымын байқап, үздіктерді анықтайтын байқауға еліміздегі бүкіл опера, қуыршақ, драма және сатира театр әртістері қатысқан. Бұл сый  халықаралық конкурстарға қатысып, жүлделі орындардан көрінген, театр саласында елеулі еңбектер атқарып, оның өркендеуіне үлес қосқан,  бірнеше жыл бойы еңбек сіңірген әншілер ғана лайық ден танылады.

«Ал Еңлікгүл деген таудың ең биік шыңында өсетін гүл. Сенің де өнерің соған лайықты болсын деген мән –мағынада  жасалынған сый бұл. Сондықтан бұл мен үшін үлкен мәртебе, қуаныш. Сондықтан  ұшында өсетін гүл. Сенің де өнерің соған лайықты болу деген  мән мағынамен беріліп отырған атақ. ЖҮлде қоры бір млн теңге. Ақшаны өнеріме жұмсаймын деп отырмын»,- деп, алдағы уақыттағы жоспарымен бөлісті Ерлан.

3 жылдың ішінде бірнеше премьераларды ойнап жүрген Ерлан – көптің көзайымына айналып үлгерген әртіс. Оның ең ірі образдарын тізбелесек. Қазақстанның «Астана»  атты тұңғыш мюзиклында бас партиянын ойнаған. Польша, Германия, Чехияға барып,  опера әншілерінң байқауына қатысып, екінші орынды жеңіп алған.  Бір жарым жыл Италияда тәжірибе жинақтап қайтқан.

Үнемі ізденістің үстінде жүретін ол тынымсыз еңбек етуде. Жүлделі жеңіспен оралған әнші Алматыдан келе сала тағы бір қойылымды сахналауға асығып кетті.