Темірландағы топан судан зардап шеккен отбасы балаларына шымкенттік оқушылар қол ұшын берді. Қаламыздағы № 8 гимназияның оқушылары мен ұстаздар ұжымы және ата аналар ауданға барып, қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.
Асқарбек Фазылбеков гимназияның белсенді оқушысы. Ол көмек көрсетуге бірінші болып кірісіп кетті.
«Зардап шеккен жандарға көмек көрсету әрбір азаматтың парызы. Қайырымдылық жасауға бірден келістік. Өйткені мұндай төтенше жәйт кез келген адамның басына түсуі мүмкін. Сондықтан за да болса көмегіміз тисе екен», — дейді ол.
Қап-қап болып артылған киім-кешектер мен қораптағы оқуға қажетті құралдар. Жүк көлігіне артып жатқан заттарды оқушылардың өздері үйлерінен әкелген. Темірландағы төтенше жағдайға тап болған замандастарына олар осылайша қолдау көрсетуде.
«Оқушылар заттарды екі күннің ішінде жинады. Киім-кешектен бөлек, 50 мың теңге қаражат жиналып, оған оқуға қажетті құрал-жабдықтар сатып алды. Олардың бұл ісіне қарап, қуанасың. Шәкірттерімнің тек сабақта озат ғана емес, жүректері жұмсақ, мейірімді, қайырымды екеніне қуанамын» — дейді екі мыңға жуық оқушының анасы, гимназия директоры Шолпан Бейсенбаева.
Темірландағы су тасқынынан аудан орталығындағы үш білім ошағы бүлінген. Оның бірі-Амангелді атындағы жалпы орта мектеп. Шымкенттік шәкірттері мұнда көмекке мұқтаж жүздеген оқушылар мен ата аналар күтіп тұрды. Лайланған су мен балшықтың салдарынан мектепке кіріп шығу қиындаған.
«Су тасқыны кезінде мектеп алдын су алғанына байланысты білім орнына кіріп-шығу мүмкін болмады. Тек сол күні сабақты тоқтатуға тура келді. Ал барлық күндері оқушылар сабақтарын үзген жоқ», — дейді мектеп директорының орынбасары.
Десек те бір мектептің он беске жуық мұғалімі мен отыздан аса оқушысы тасқын кезінде үй жайынан қалдырып,туған туыстардың үйін паналауда. Олар төтенше жағдай орын алғанда тек қажетті құжаттарын ғана алып үлгерген. Киім кешектер су астында қалыпты. Ең қажеттісі аяқ киім.
Оныншы сыныптың оқушысы Ақерке Тәулітбек бүгінде әжесінің үйінде тұрып жатыр. Өз үйінде тасқын кезінде су белден асып, терезеге дейін жеткен. Заттары да қалып қойған.
«Біз заттарымызды алып үлгерместен әжеміздің үйіне кеттік. Ал өз үйіміздің су терезесіне дейін жеткендіктен, баспанамызға кию мүмкін болмады. тіпті аяқ киіміміз болмағандықтан, ек-үш күн бойы сабаққа да келе алмадық»,- деп, есіне алды Ақерке.
Жылы күртешелер мен аяқ киімдерге, түрлі заттарға қол жеткізген мектеп ұжымы мен ата аналар сегізінші гимназия ұжымына алғыстарын жеткізді.