Шымкенттегі Астана-Ордабасы кездесуі қалың қардан кейінге қалдырылды

282

Шымкенттегі Астана-Ордабасы кездесуі қалың қардан кейінге қалдырылды.

Жауған қалың қар Шымкенттегі Қажымұқан атындағы стадионда футболшыларға теңбіл доп тебуге мүмкіндік бермеді. Ел чемипонатының 2-кезеңінде «Ордабасы»-«Астана» командаларының кездесуі өтуі керек болатын. Бірақ,қанша алаңды трактор, күрекпен қардан тазалағанымен  қар  тоқтай қоймады. Сондықтан, ойын тоқтатылды. Кездесудің қашан өтері белгісіз.

Астана мен Шымкент аяқдопшыларының кездесуіне Петропавлдан келген  Александр Гаузер төрелік етуі керек болатын. Оған алматылық арбитрлер Құрбанжан Құрбанов пен Алексей Шабанов кқмектесуі қажет еді. Ал ойын инспекторы етіп семейлік Бағдат Тусеев тағайындалған болатын.