Шымкенттегі Тәуке хан даңғылы бойында бірден 2 жол көлік апаты орын алды

368

Шымкенттегі Тәуке хан даңғылы бойында бірден 2 жол көлік апаты орын алды. Жүргізушілер жолды бөлісе алмай қалған.

Алқашқы соқытығыс Тәуке хан мен Дулати көшелерінің қиылысында болды.  «Митцубисси» маркалы автокөлік «Кең баба» саябағы тарапындағы Тәуке хан даңғылында кетіп бара жатқан. Оған Дулати көшесінен бұрылмақ болған «Фольксваген-вента»жүргізушісі қарама-қарсы келген. Соқтығыс дәл қиылыста болған. Митцубисси Фольксвагенді соғып, жол жиегіне шығып кеткен.

«Фольксвагена-вента» темір тұлпарының жүргізушісі соққы алып, ауруханаға жеткізілген.  Ал «Митцубисси» айдаған азаматқа жастықшасы көмектескен. Екеуі де жасыл жанып тұрғанда жүрдім деп ақталуда.

Осы уақытта Қонаев даңғылында да 2 көлік соқтыққан. Бір бағытта кетіп бара жатқан олар бір-біріне жол бергісі келмеген.

Екі жол көлік апатының анық-қанығын жол инспекторлары тексеруде.