Ұлыбританиядан Шымкенттік спортшылар жүлдемен оралды

284
Анастасия Соболева бұл жолы да алтыннан алқа тақты

Мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы спорттан  Англияда халықаралық ашық біріншілік өткен болатын. Байрақты жарыста Шымкенттің жүзу спортынан шеберлері де қатысып, жүлделі орындар үшін таласқа түсті. Оңтүстіктен жол тартқан жерлестеріміздің арасынан Анастасия Соболева жүзуден алтын медальға қол жеткізсе, Алина Михаилова 50 метрге және 100 метрге еркін жүзуде күмістен алқа тағып, ұлттық құраманың сапынан орын алды. Ал Мансур Ибрашев та бұл жарыстан жүлдемен оралды. Ол екінші орыннан көрінді. Сөйтіп, бүгінде оңтүстіктің намысын Лондондағы параолимпиадлық жарыста екі спортшымыз облыс тарихында алғаш рет қорғауға тырысады.

Мансур Ибрашев, күміс жүлде иегері: «Негізгі жоспарым лицензия жеңіп алу болатын. Алайда алғашқы халықаралық жарысым болған соң қобалжып, алтынға кішкене жетпей қалды. Алда тағы жарыстар бар. Өзімді әлі де көрсете аламын деп ойлаймын».