Құрсайлық қариялар елдімекенді жасыл желекке айналдыруға мұрындық болды

284

Қазығұрт шағын ауданындағы 800-ден астам ардагер бірігіп, 43 мың тұрғыны бар елдімекенді көгалдандырмақ. Бүгін үзындығы бір шақырымнан астам көшеге 400 түп жеміс ағаштарын отырғызған қариялар 4000 мың түп қарағаш отырғызуды жоспарлап  отыр.

40 жыл шәкірт тәрбиелеп зейнеткерлікке шыққан Ортайқызы Салима апа бүгінгі сенбіліктегі белсенділердің бірі. Алпысты алқымдаған ана 20 түп ағаш егуді жоспарлап қойыпты.

Құрсай қаламыздағы ауыз суы мен ағынды суы тапшы елдімекендердің қатарына жатады. Сондықтан мұнда жасыл желек ағаштары тым аз. Бүгін ауыл ақсақалдарының бастамасымен елдімекенді көгалдандыру шарасы басталды. Олар 400 түп ағаш көшеттерін отырғызуды жоспарлап отыр.

Бұдан бөлек ауыл тұрғындарының ата-бабалары жерленген қорымға баратын  жолдың жиегіне де ағаш көшеттері отырғызылады. Ұзындығы 2 шақырым көшеге егілетін 4000 түп көшет дайын. Тіпті, аптап ыстықта көшеттерді суғаруға қажетті 4 техника дайын. Бұл шараға Абай аудандық әкімдігі мұрындық болған.