Декларацияланбаған тауармен Өзбекстан азаматы ұсталды

219

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Жібек жолы кеден бақылау бекетінде декларацияланбаған тауар тобымен Өзбекстан азаматы ұсталды. Ол Қытай Халық республикасынан Өзбекстанға заңсыз алып өтпекші болған.

Бұл туралы бүгін кедендік бақылау департаментінде өткен брифингте айтылды. Күдіктіні тексеру кезінде 2 сөмке мен рюкзакта 13.359 дана медициналық заттар мен құралдар табылды. Сараптаманың қорытындысы бойынша декларацияланбаған тауар құны 2 008 690 теңгені құрады.

Аталған факт бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 209-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.