Достық шағынауданы сапалы электр қуатына мұқтаж

413

Достық шағынауданына электр желісі тартылған. Алайда мұндағы трансформаторлық тораптың қуаты жылдан жылға шекарасы кеңейген шағынауданды сапалы қамтуға шамасы жетпейді. Салдарынан тұрғындардың тұрмыстық техникалары күйіп, аз қамтылған отбасылар қалтасынан қағылуда.

Тұрғындар: «Токтың кернеуі шамадан тыс жоғарыласа болды электр жарығы сөнеді. Салдарынан тұрмыстық техникаларымыз күйіп кетуде. Көшенің басында жаңа үйлер бой көтеруде. Олар электр желісін бізден тартады. Сосын ғой токтың қуаты барша халыққа жетпейді. Тағы бір трансформаторлық торап қажет».

Абай ауданы аумағының халқы 139 трансформаторлық торап, 6 тарқату аралық станциясы арқылы электр қуатымен қамтамасыз етілуде. Былтыр облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, «Қайтпас 2», «Шұғыла», «Ақтас», «Достық 2», «САмал 3»-те құрылыс жұмыстары жүргізілді.

Бекайдар ӘЛІМБЕТОВ, Абай ауданы әкімінің орынбасары: «Жергілікті бюджеттен 49,5 млн. теңге қаржы бөлініп,  биыл 7 шағынауданның жобалық сметалық құжаттары дайындалуда. Ол «Қайнар бұлақ», «Жайлау», «Ынтымақ-2», «Қызылжар», «Куйбышев», «Қазығұрт», «Достық».

2012 жылы облыстық бюджеттен 236,4 млн. теңге бөлініп, Солтүстік-Батыс шағынауданын электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Мұнымен мұндағы әлеуметтік мәселелер толығымен шешіледі деп айтуға ерте.

Бекайдар Әлімбетов, Абай ауданы әкімінің орынбасары: «Абай ауданында 22 елдімекен бар. Олардың  60 пайызында  инфроқұрылым   толық қамтамассыз етілмеген. Бірінде газ болса, бірінде ауыз су жоқ. Суға қол жеткізгендер электр жарығымен қамтылмай отыр».

Жергілікті бюджеттен бөлінген 35 млн. теңгеге «Қайнар бұлақ», «Жаңа Темірлан», «Ынтмақ 2», «Солтүтсік Батыс», Сеченов көшелеріне су жүйесін жүргізу бойынша жобалық сметалық құжаттамалар дайындалуда. Құрылыс жұмыстары биыл «Самал 3», «Құрсай», «Достық» елдімекендерінде жүргізіледі.