Мәриям Қалыбаева, ауыл әкімі: «Отбасын игеру үшін де біліктілік керек»

404

Әйел – үйдің шегесі емес пе?! Бүгінде отбасының ғана емес, елдің ұйытқысы болып жүрген арулар аз емес. Шаңырағының шаттығы мен берекесіне айналып, ауыл-ел тіршілігінің ыстығы мен суығын қатар алып жүрген асыл жанның бірі – ОҚО Сайрам ауданына қарасты «Тассай» ауылдық округінің әкімі Мәриям Қалыбаева.

– Мәриям Жахангерқызы, еңбек жолын қалай, қайдан сатыладыңыз? Әкім болу үшін қандай мамандықты меңгеру керек екен?

– Екі мамандығым бар. Алдымен – Шымкент қаласындағы Әль-Фараби атындағы Мәдениет институтының кітапханашы-библиограф факультетін бітірдім. Сосын – Оңтүстік Қазақстан облыстық педагогикалық университетінің қазақ тілі-әдебиеті және шет тілдері факультетін тәмамдадым. Еңбек жолымды Шығыс Қазақстан облысы, Асу-Бұлақ поселкесінде кітапханашы қызметінен бастадым. 1982 жылы институтты бітірген соң тұрмысқа шықтым да жолдасым Сәмет екеуміз ақылдаса отырып, жолдаманы Өскеменге алдық. Сол жылы жолдасым да Алматы қаласындағы Политехникалық институттың геология факультетін аяқтаған болатын. 3 жылдай қызмет еткен соң қызмет бабымен Шымкент қаласына көшіп келдік. Бұл 1986 жылдар кезеңі болатын. Жұмысымды жалғастырайын десем, 2 ұлымыз бар, бала – бақша мәселесі өте қиын болды. Оларды кезекке қойып, күту үшін бірнеше жыл өтіп кетеді. Солай басым қатып жүрген