Төлебилік ұстаздар жалақының орнына картоп пен пияз алған

258

Базарлардығы бағаны тұрақтандыру тұрғысындағы облыс басшылығының биылғы жұмысы нәтижелі болды. Оған қоймаларда қыс бойы сақталған азық-түліктің үлкен әсері бар. Сарағаш, Түркістан және Шымкент қаласындағы қоймаларда сақталған картоп пен қияр базар бағасынан төмен бағамен бюджеттік мекеме қызметкерлерінің сұранысы бойынша таратылуда.

Төлеби ауданындағы мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне айлық есепке таратылып жатқан. Картоптың құны 35 қияр 20 теңге. Жасыратындағы жоқ қыс бойы логистикалық орталықтың қоймасында сақталған өнімнің құны база бағасынан әлдеқайда төмен. Алайда, сапасы жоғары деп айта алмайсыз. Екі айдан бері жалақыға жарымай жүрген ұстаздар үшін бұл да тығырықтан шығар бір жол болды.

Өткен жылы облыстағы үш қоймаға 2700 тонна картоп, 3000 тонна қияр жеткізілген. Логистикалық орталық желтоқсан айынан бастап облыс тұрғындарына төмендетілген бағамен сатуда. Нәтижесінде биыл саудагерлер ойларына келгенін жасап базар бағасын көтере алмады.

Шымкенттегі қоймады күріш, мақта майлары жеткілікті. Ол дегеніміз өнімнің бұл түріне де баға тұрақты болмақ. Ал келесі жылы Логистикалық орталық 90 гектар жерге барлық талаптарға сай келетін қойма салмақ. Онда 2200 адам жұмыс жасайтын болады. Бағаның базарға бағыныштылығы біржола жойылмақ.