Балалар күні қарсаңында мектеп оқушылары зообақты аралады

345

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Әл Фараби аудандық әкімдігі ұйытқы болып, аудандағы мектептерде оқитын жетім, жартылай жетім, аз қамтылған отбасыларының балалары үшін мерекелік іс-шара ұйымдастырды.

Балалар зообаққа қоғамдық көлікпен жеткізілді. Олардың қауіпсіздігін МАИ қызметкерлері қамтыды. Жануарлар әлемі -зообақтың алдында балаларға тәттілер ұсынылды. Балмұздақ пен салқын сусын ұстаған балалар асықпай зообақты аралап, ондағы жануарлар мен аңдардың сан-алуан түрімен танысты.  Балалар қандай жануарлар мен аңдарды жақсы көретіндерімен бізбен бөлісті.

Балалар: «Арыстанды ұнатамын»  , «Ал мен болсам түйе, аюды жақсы көремін», » Маған  ұзын мойынды  жираф ұнайды», «Менде үйде  энциклопедия бар, онда осы жануарлар мен аңдар туралы жазылған. Өте қызық. Енді оларды тірірдей көріп, қуанып жатырмын».

Балаларға көтеріңкі көңіл сыйлаған демемушілер – қалалық мәслихаттың депутаты Данияр Қозыбақұлы , зообақтың басшылығы мен «Визит» ЖШС.

Ақмарал Жақсыбайқызы, әл Фараби аудандық әкімдігінің бас маманы: «Бүгінгі акция-  халықаралық балаларды қорғау күніне арналған шара.  Аудандағы аз қамтылған отбасыларындағы  200 дей бала зообақта серуен құруда. Алғысымыз демеушілерге шексіз».

Алдағы күндері демеушілердің көмегімен мерекелік іс-шаралар аудандағы саябақтарда, аулаларда және де мәдени орындарда ұйымдастырылады.