Бір аптаның ішінде оқушылар текетіресінің ақ-қараны анықтау керек

Төбелеске қатыстылардын барлығын тексеретін болады

№ 46,39,65 мектеп оқушылары арасында өткен төбелеске орай қалалық білім бөлімі барлық мектеп директорларының қатысуымен шұғыл жиналыс өткізді. Жиналысқа қала әкімінің орынбасары Баһадыр Нарымбетов пен мектеп инспекторлары қатысты. Қалалық білім бөлімінің бастығы Жанат Тәжиева былтырғы жылмен салыстырғанда биыл оқушылар арасындағы қылмыс туралы баяндама жасады.

Қаламызда жасөспірімдер арасында 2010 жылы 72 қылмыс тіркелсе, 2011 жылы оны саны саны 52 -ге кеміпті. Ал 2012 жылы бүгінгі уақытқа дейін көрсеткіш 42- ге кеміген. Ал №34, 83, 58 мектеп оқушылар арасында қылмыстық іс орын алған. Мәселен №34 мектептің оныншы сынып оқушысы алты рет қылмыс жасап, бүгінде балаларды түзету мекемесінде уақытша оқшаулану камерасында отыр.  Сонымен қатар күні кеше ғана соңы қайғылы аяқталған соңғы төбелеске тоқталды.

Баһадыр Нарымбетов білім бөлімі мен мектеп директорларына бір апта уақыт беріп, істің ақ қарасын анықтауға тапсырма берді. Сонымен қатар, төбелеске себепші болған оқушылар туралы мәліметті де анықтап беруді міндеттеді.

Жапа шеккен оқушылардың ат-аналары да мектеп директорын тиісті әрекетке көшпеді деп деген болатын. Осыған орай ата- аналар комитетінің төрағасы Әнуарбек Бейсе жауапқа тек мектеп директорлары ғана емес, тәртіпті қадағалайтын мектеп инспекторлары да өз ісін дұрыстап атқармайды дегенді алға тартты.