Көпқабатты үйлердің жылуы енді сырттағы ауа-райына байланысты өзгереді

жобалаушылар

Шымкентте салынатын көпқабатты үйлердің жылу жүйесі енді сырттағы ауа-райына байланысты өзгеріп тұратын болады. Бұл – көпқабатты үй тұрғындарының жайлы өмір сүруі үшін «Оңтүстікмемлекеттіксараптау» орталығының жасап жатқан жұмысы. Бүгін олар арнайы тренингке қатысып, жобалары жүзеге асқан жобалаушы-инженерлерге сертификат табыстады.

Шымкентте жылу жүйесінің желдетілуі бойынша жұмыс істейтін мамандар саусақпен санарлық. Нақты саны – 22. Бүгінгі оқу-жаттығу жұмысында олар түздегі ауа-райымен байланыста жұмыс істейтін жүйенің жобасын іске асыруды электронды түрде байқап көрді.

Жылу жүйесінің жаңа түрі қаладағы Қонаев көшесінің бойында орналасқан бірнеше үйде ғана бар. Ол дегеніңіз сырттағы ауа райына байланысты үйдің ішіндегі жылу реттеліп тұрады деген сөз. Мамандар бұл жүйе болашақта салынатын баспаналардың барлығына қолданылады деп отыр. Артықшылығы, оның адам өмірі үшін жайлылығында.

Жылытудың бір құбырлы және екі құбырлы жүйесі бойынша үйретілген оқу-жаттығу жұмысы бойынша мамандар энергия үнемдеуді де үйренеміз дейді. Әрі бұл жылудың сапасын арттырып, инженер-жоблаушылардың біліктілігін көтереді. Әзірге аталған жаңалық еліміздің ірі қалалары Алматы мен Астанада кеңінен кәдеге асып жатыр.

Наталья ЛАРКИНА, «Оңтүстікмемлекеттіксараптау» мекемесінің сектор жетекшісі: «Әрине, жылуды үнемдеу арқылы тұтынушылар өз кезегінде қаржыларын үнемдей алады. Бізде мұнан бөлек, энергияны үнейдейтін өзге де бағдарламалар бар. Бірақ олардың кейбір тұстары жалпы есепке сай келе бермейді».

Семинар соңында жылытудың жаңа жүйесі бойынша бүгінде жобасы қолға алынған мамандарға сертификат табысталды. Айта өткен жөн, «Оңтүстік мемлекеттік сараптау» орталығы бұндай жиынды өңірімзде тұңғыш рет өткізіп отыр.