Шымкентте өз-өзіне қол жұмсайтын жасөспірімдердің саны азаймауда

Облыс басшыларының басқосуында жасөспірім өлімінің саны айтылды

Жасөспірімдер арасында өз- өзіне қол жұмсау Оңтүстік Қазақстанда азаяр емес. Тек 2011 жылдың өзінде облысымызда өз өміріне балта шапқан 51 оқушы тіркелсе, балалар өлімі де күн санап өсуде. Түрлі себептермен мыңдаған бала бір жасқа жетпей өмірмен қош айтысыпты. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қаныбеков пен аудан әкімінің орынбасарлары бірге өткізген жиында айтылды. Өз өзіне қол жұмсауға көбіне тұрмыстық жағдай мен бақытсыз махаббат себеп болады екен.

Ал прокуратура өкілдері жасөспірімдерге мектепте жасалатын әлімжеттік қайғылы оқиғалардың санын көбейтіп отыр дейді.

Балалар өлімінің негізгі себебі ата-аналардың салғырттығында деген де айтылды жиынды. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, өткен жылы бір бала элоктр тогына түсіп бақилық болса, бір бала суға батып кеткен. Сондықтан, жиналғандар ата аналармен, ұстаздар мен психолог мамандармен және имамдармен тығыз жұмыс жасау керектігін тағы быр басып айтты.