Шымкентте көше жөндеу қайта басталды

409

Биыл Шымкент қаласындағы 166 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жасалады. Оған облыстық бюджетен 6 млрд.-тан аса қаражат қаралған.

Бүгінде 44 көшеге мемлекеттік сатып алу конкурсы өтіп, жеңімпаз болған 6 мердігер мекеме құрылысты бастады. 12 көшені тегістеп асфальт салуға міндетті «Қанат» ЖШС-і 6 көшедегі жұмыстарын аяқтаған. Қалған 6 көшені де мерзімінен бұрын тапсыруды жоспарлап отыр.

Тек кейбір көшелердің рельевті орналасуы аздап қолбайлау болатындығы жасырын емес дейді мамандар.