Стационарға жатқыңыз келсе…

2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасында белгіленген негізгі міндеттер формулярлық жүйені дамыту және халық пен денсаулық сақтау саласындағы мамандарға дәрілік заттар туралы объективті, дәйекті ақпарат ұсыну арқылы дәрілік заттарды орынды қолдануға жәрдемдесу болып табылады.

Бағдарламаның мақсаты: елдің әлеуметтік-демографиялық тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту.

Бүгінде Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттар туралы келіп түсетін ақпараттың сапасы мен объективтілігіне айрықша көңіл бөледі, осыған байланысты Дәрілік ақпарат орталықтары 2011 жылы біздің еліміздің барлық аймақтарында ашылған болатын.

Дәрілік ақпарат орталығына (бұдан әрі- ДАО) 2012 жылғы тек 2 айының өзінде ғана 3,5 мыңнан аса қазақстандықтар жүгінді. 2011 жылдың желтоқсан айынан бастап елімізде 8 800 080 88 87 нөмірі бойынша Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттарды қолдану, орынды пайдалану мәселелері жөнінде халық пен медициналық қызметкерлерге тегін кеңес беру қызметі жұмыс істейді. Қоңырау шалу – тегін!

Жүргізілген сұраулар мониторингі халықтан келіп түсетін көптеген сұрақтардың дәрілік препаратты қолдануға, құнына және оларды алуға байланысты екендігін көрсетті. Сондай-ақ тегін медициналық көмектің кепілді көлемі (бұдан әрі- ТМККК) шеңберінде дәрілерді алу тәртібі және жоспарлы емдеуге жатқызуға жолдау ережелері жөніндегі сұрақтар да жиі кездеседі. Бұл сұрақтардың барлығы 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасында өзара байланысты екендігін ескере отырып, ДАО өз кезегінде Республикалық емдеуге жатқызу бюросының порталымен бірге стационарлық көмек алудың қадамдық алгоритімін Сіздің назарыңызға ұсынады.

2010 жылдың 1-қаңтарынан бастап Қазақстанда ендірілген Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі (БҰДСЖ) емделу үшін еліміздің азаматтарына емхана, учаскелік дәрігер немесе стационарды дербес таңдау құқығын беретіні белгілі. Емханаларға бекіту шамамен жылына бір рет өткізіледі.

Жоспарлы ем алатын кезде пациент өзінің учаскелік дәрігерінің көмегімен қандай клиникадан көмек алатынын өзі шешеді. Пациенттің қай облыста тұратыны да маңызды емес, оның астаналық клиникаларға, басқа аймақтардың ауруханаларына барып емделуге мүмкіндігі бар, бірақ жол ақысын өзі төлеуі тиіс.

Порталды ендірудің негізгі мақсаттары:
1. Медициналық ұйымды еркін таңдауды қамтамасыз ету бойынша пациенттердің құқықтарын қорғау.
2. ТМККК шеңберінде жоспарлы емдеуге жатқызудың ашықтығын қамтамасыз ету.
3. Адами факторларды минималды қатыстыру арқылы жоспарлы емдеуге жатқызу процесін автоматтандыру.
Толығырақ ақпарат www.bg.eisz.kz сайтында, сондай-ақ ДАО сайты – www.druginfo.kz сайтында «Пациенттер үшін/ Нені білу маңызды?» айдарында беріледі.

Дәрілік ақпарат орталығы тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде дәрілік қамтамасыз ету бойынша азаматтардың құқықтары, дәрілік заттарды орынды, тиімді және қауіпсіз қолдану, сондай-ақ ықтимал жанама әсерлері туралы дәйекті ақпарат береді.

Өз жұмысында Дәрілік ақпарат орталығының мамандары еліміздің барлық 16 аймағында, соның ішінде Астана және Алматы қалаларында объективті және дәйекті ақпарат ұсына отырып, дәлелдемелі медицина көздері мен дәрілік заттар бойынша деректер базасын, дәрілік заттар айналымы саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді қолданады.
Қоңырау шалыңыз! Біз бәріне көмектесуге разымыз!

ҚР ДСМ «ДСДРО» РМК ОҚОФ Дәрілік ақпарат орталығы
23 12 96          www.druginfo.kz