Зәулім сарай салғандар салық төлеуден қашып жүр

385

Қарапайым халықтың қалтасы көтере бермейтін зәулім сарай салып, мүлік салығын төлеуден жалтарып жүргендер Шым шахарымызда жеткілікті. Бір ғана әл Фараби ауданында 120 -дан астам азаматтың ісі сотқа жолданған. Соттың шешімімен борышкерді мәжбүрлеп салықты төлету де сот орындаушылары үшін оңайға түспей отыр. Енді заңды төлемді жасауға құлықсыз жерлестеріміздің мүліктері тәркіленеді.

«Бірінші кезекте бұл азаматтардың банктердегі есеп шоттары жабылады. Әділет басқармасымен келісіп мүліктері жайында ақпарат алып мүліктеріне құқығын шектейміз»,- дейді сот орындаушылары.

Бұл бір ғана аудандағы жағдай. Ал қаламыздағы өзге екі ауданда зәулім сарай қаншама. Салықшылар бюджетке тиесілі қаржы толығымен қайтарылмай рейдтік шараларды тоқтатпаймыз дейді.

Әл Фараби аудандық салық басқармасы алғашқы тоқсандағы жоспарларын 115 пайызға орындапты. 7 млн. 430 мың теңгенің орнына 8 млн. 533 мың теңге кіріс кірді бюджетке. Енді 18 млн. тенге берешек қарыздарды қалталылардан қайтару қалды.