Жөнделген жолға кәріз жүйесінен аққан су зақым келтіруде

368

Ағымдағы жөндеуден өткен Баян батыр көшесінің көрінісі мынау. Айналма жолмен қатынайтын жүк көліктерінің салмағынан асфальт тозған. Тұрғындардың айтуынша мұнда жер астынан кәріз құбырлары өтеді, Қаратал көшесіне су жүйесін жүргізгенде құбырға зақым келтірген.

Әбдіқадір Махаметов, көше комитетінің төрағасы: «Мына су кәріз жүйесінен ағып жатыр. Екі жыл бұрын сушылар су жүйесін жүргізгенде техникаларымен құбырды тесіп кеткен. Содан енді су шығып, айналаға жайылып, жағымсыз иіс мүңкіп тұр».

Екі ауданның ортасындағы көше жолы жөнделгенде, билікке ризашылығымызды білдрген едік. Алайда қуанышымыз ұзаққа бармады деген ақсақалдар. Кәріз жүйесіндегі ақаудан аққан су жолдың бетіне шығып төңірекке жағымсыз иіс таралуда. Ол аздай бұл жолмен қатынау қиынға соғуда дейді

Нұриллә Хаккулов, көшенің тұрғыны: «1947 жылдан бері тұрамыз. Кеңес Одағы ыдырағаннан бері, барлығы жекешеленіп, ал мына  гидролиз зауытының  кәріз жүйесі иесіз қалды. Енді судан асфальт шашылып, жолымыз  ойдым-ойдым  болды. Жедел жәрдем шақырсаң әрең келеді, қоғамдық көліктің жүргізушілері жүрмейміз. Көлігіміздің бөлшектері шашылуда».

Деповская -Баян батыр көшесінің тұрғындары көтеріп отырған мәселемен осы округтен сайланған облыстық мәслихаттың депутаты Бахарам Абудкаримов айналысуда.

Ғалымжан Оразымбетов, облыстық мәслихаттың депутаты Бахарам Абдукаримовтың қоғамдық қабылдауының қызметкері: «Осыдан бір ай бұрын  тұрғындармен жиналыс өткізген болатынбыз. Оған коммуналдық сала қызметкерлері қатысқан болатын. Депутаттық сауалнама да жолдадық. Енді  жауап және ол бойынша атқарылатын жұмыстарды күтудеміз. Қалай болғанда да бұл тірлікті аяғына дейін жеткіземіз».

Қараусыз қалған кәріз жүйесі жайлы қала әкімдігіндегіндегі  коммуналдық сала мамандары жақсы біледі. Өкілетті және атқару органдары біріксе біздің мәселеміз жақынарада шешіледі деп үміттерін үзбеуде қариялар.