Астана күніне орай үш күн демаламыз

367

Астана күнінде отандастарымыз үш күн демалады. 6-шілде жұма күні – мереке болса, 7-ші және 8-ші шілде күндері сенбі мен жексенбі күндеріне тура келіп тұр.

2008 жылы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға өзгертулер енгізіліп, сәйкесінше 6-шілде – Елорда күні жаңа мемлекеттік мерекесі белгіленді.

Биыл Қазақстан халқы Астананың 14-ші туған күнін атап өтеді. Бұл күні қалада мереке дәстүрлі түрде, бірнеше күндік ауқымды іс-шаралармен атап өтіледі.