«Атлант» сауда орталығы жаңа топтама ұсынады

582

Жиһазыңызды жаңаламақшысыз ба? Онда қаламыздағы «Атлант» сауда үйіне асығыңыз. Мұнда қаламызда алғаш рет «Дятьково» неміс жиһазының топтамасы тұтынушыларға ұсынылуда. Мұнымен қоса Ресейдің «Катюша» жиһаз концерні жасап шығарған заманауи үлгідегі жатын және қонақ күту бөлмелеріне арналған жиһаздардың сан алуан түрлерін сатып алуыңызға да болады.

Сәнді жиһаздар сататын сауда орындарының қатары тағы біреуімен толықты. «Күншығыс» шағынауданындағы «Атлант» сауда орталығында керемет дизайнмен жасалған Дятьково жиһаздары сатылуда. Алғаш болып осында келген жерлесіміз Меруерт Қабылбековаға Катюша концернінің дүниелері ұнапты. Келіншек неміс технологиясымен жасалған жиһаздардың сапалы шығатынын бұрыннан білетінін айтады.

Ия, «Дятьково» жиһаздар топтамасы «Катюша» жиһаз концернінде құрастырылады. Жиһаздың әрбір бөлшегі компьютерлік бағдарлама бойынша дәлме-дәл өлшеммен кесіліп, дайындалады. Замануи үлгідегі қондырғылар, озық технологиялық әдістердің жиһаздың мінсіз болып шығуында алар үлесі мол дейді концерннің өкілі.

Елена Кондрыкинская, «Катюша» жиһаз концернінің аймақттық экпорт жөніндегі менеджері: «Модульдік жүйе негізінде құрастырылған жиһаздар өте ыңғайлы. Әзірге жатын және қонақ бөлмелеріне арналған жиһаздарды сатып жатырмыз. Шымкенттіктер мен қала қонақтары үшін тартуымыз да бар. қолдарында купондары бар азаматтар үшін барлық жиһаздар 15 пайыздық жеңілдікпен сатылады. Бұл мүмкіндікті олар жылдың соңына дейін пайдалана алады».

Дятьково жиһаздарына тапсырыс жасауға да болады. Ол үшін Атлант сауда орталығының үшінші қабатында орналасқан Катюша жиһаз концернінің өкілдерімен жолығу керек. Мамандар таңдаған каталогтағы жиһаздарыңызды үйіңізге дейін апарып береді. Жеткізу және құрастыру қызмет түрі – тегін. Тағы бір жағымды ақпарат жас отбасылар үшін жатын бөлмелерге арналған жиһаздар 15 пайыздық жеңілдікпен сатылады. Олай болса, мүмкіндіктеріңізді жіберіп алмаңыздар.