Шымкенттің базарлары өрт қауіпсіздігіне сай емес

249

Шымкенттің базарлары өрт қауіпсіздігіне сай емес. Бұл жайында қалалық төтенше жағдайдар басқармасының өкілдері мәлімдеді. Нақты айтқанда, халық арасында «Жабық базар» атанып кеткен Гагарин көшесінің бойындағы сауда орнында оқу-жаттығуларын өткізген өрт сөндірушілер өрескел ереже бұзу фактілерімен бетпе-бет келген.

Өрт сөндірушілер базарға кірмей жатып-ақ жолдардың көлік тұрақтарымен жабылып қалғанын анықтады. Ал ішке қарай тереңдеп кірген сайын тәртіп бұзушылық та қалыңдай береді.

Базар аумағында тұрған құбырда су жоқ, ал бұл – өрт шыға қалған жағдайда оны сөндірер ештеңе болмайды деген сөз.

Жыл басынан бері өрт сөндірушілер қаладағы 6 базарды тексерген, оның барлығы да тиісті ережеге сай емес болып шықты. Тиісінше, базар басшыларына 220 мың теңге көлемінде айыппұл кесілді.

Мұнымен шектелмейтін өрт сөндірушілер енді сауда орындарының жетекшілері кемшіліктерді түземесе, базарларды жабуға дейін барамыз деп отыр.

Шымкент қаласындағы барлық базарларда өрт қауіпсіздігін сақтау оқу жаттығулары өткізілетін болды. Осыдан 2 апта бұрын қала әкімі Қайрат Құсейінұлы Молдасейітов қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма басшылығына осылай деп тасырма берген болатын.