Әйелін өлтіріп, оны жасырмақ болған тұрғын түрмеге тоғытылды

32 жастағы Сайрам ауданының тұрғыны келіншегін өлтірген деп айыпталып отыр. Сот барысында қаныпезердің 8 айлық баласы бар жұбайын әрдайым соққы астына алып отырғаны анықталды. Көктемде марқұм тіпті қабырғалары сынып, бас миына зақым келіп ауруханадан бір-ақ шыққан да екен. Осыдан соң, сот отағасын 1 жыл шартты түрде бас бостандығынан айырған да еді.

Райымхан Заппаров, қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырыған сот төрағасы: «12 күннен соң, 1 -мамар күні ол келіншегін алдап, өздерімен бірге 2,5 мен 8 айлық балаларын алып, қыдыруға шығады. Жолда ұрыс керіс басталған».

Бейнеқордағы суреттерде апат салдары бейнеленген. Көлік ағашқа соғылып, келіншек сол жерде қаза болған. Бұл айыптаушының сөзі. Бірақ сот-медицианалық зерттеу, тайға таңба басқандай, әйелдің қылқындырылып қайтыс болғаныдығын көрсетіп берді. Қауіпсіздік белбеуімен аясыз қинап тастаған. Мұны ол, жол апаты деп жасырмақ болған. Кейін қолын қанмен былғағаны әшкере болды.  

Айыпталушы 15 жылға түрмеге тоғытылды. 15 жылды арқалап кеткен айыпталушы әкелік құқығынан да айрылуы мүмкін. Ал жетім қалған қос балғынды нағашылары асырап алмақ.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=VMwQgvshiT0[/youtube]