Ауыл жастары жайында фильм түсірілуде

Жаңа фильм

Қаламыздағы «Онтүстікфильм» киностудиясы жаңа фильімнің түсіріліміне кірісті. Әзірге «Адамның негізгі қасиеттері» атпен көпшілікке таныстырылған туындының түсірілімі Қасқасу ауылында жүргізіліп жатыр.

Айдар Серікбаев, режиссер: «Киноның негізгі желісі ауыл жастарының тыныс тіршілігі. Ауыл жастарының образын ашуды мақсат еттік. Ал көтерілген негізгі проблема ол жұмыссыздық. Ақша табудың жолдарын қарастырған жас жігіттердің бастарынан өткізген қиындықтары көрсетіледі. Өздеріңізге белгілі қазір ауылда жастарға жұмыс жоқ. Екі қолға бір күрек таба алмай сандалып кеткен олар ақырында бір шешімге келеді. Түсірілімі енді ғана басталған кино күз мезгілінің алғашқы айларында дайын болады деген сенімдеміз».

Айдархан Боранбаев, басты рольдегі кейіпкер: «Мен бұл фильімде басты рольді сомдаймын. Жумыс іздеп жүрген жас жеткіншек жолында қаншама қиындықтарға тап болады. Өзім негізінде сатира театрында әртіспін. Сондықтанда бұл рольді сомдау маған қиынға соқпайтын секілді. Фильмнің негізгі желісі комедия. Әзілге толы туынды көпшілікті күлкіге орап, ыстық ықыластарына бөленсе деген тілегіміз бар».

«Оңтүстікфильм» бұдан басқа тағы бір «Ел іші өнер кеніші» атты жобаны қолға алды. Ол жобаның негізгі мақсаты ел арасында халыққа танылмай кеткен өнер иелір көпшілікке таныстыру,сонымен бірге белгілі тұлғалардың кездесе бермейтін кадрларын іздеп табу. Бұл жоба өз нәтижесін беріп, кейінгі ұрпаққа өсиеті мол өнегелі іс болып қалуына ат салысқан өнерлі ұжым жұмыстарын бастапта жіберді.