Демалыста жүрген депутаттар Шымкенттегі ІІМ мектебінде болды

416

Астанада жастар саясаты туралы заң жобасы әзірленіп жатыр. Онда бүгінгі өскелең ұрпақтың өміріне бейімдей отырып, қоғамдағы өзгерістер жағы да қамтылуы тиіс. Ол үшін республиканың барлық өңірлеріндегі жастармен жүздесіп, олардың ойларымен де санасқан жөн. Осыған орай, демалыста жүрген депутаттар Шымкенттегі ішкі істер министрлігінің мектебіне бас сұғып, осындағы тыңдаушылардың пікірін тыңдап қайтты.

Болашақ полицейлермен сыр бөлісуге келген депутат Оразкүл Асанғазиева ең алдымен тіл туралы заңның аясында тұшымды ойлар айтты. Арнайы мектеп тыңдаушыларының да бұл тұрғыда сауалы сан түрлі. Бірер жылдан соң форма киіп, мемлекеттік қызметтің қым-қуыт тіршілігіне кірісетін олар үшін заң аясындағы тарауларды білу басты міндет.  

Ел азаматтарының 30 пайызға жуығы жастар екені белгілі. Соған сәйкес, бүгінгі заманның ағымына қарай, өскелең ұрпақ үшін арнайы заң жобасын әзірлеу қажеттілігі туындап тұр. Жастардың өзімен санасу арқылы басты құжатты дайындауды жөн көрген депутаттар каникулды құр өткізбей бүгінгі кездесуді ұйымдастырыпты. Оразкүл Асанқазиева ең алдымен Сайрам ауданында осы сияқты бірқатар шараларға қатысып, оны Шымкентте жалғастырған депутат елдің пікіріне жүгініп отыр.

Келісіп пішкен тон келте болмайды деген халық қалаулысы Оңтүстікте айтылған ой-пікірлерді Астанаға барып жеткізбек ниетте. Демек, әзірленіп жатқан заң жобасы көптің тілегі деген сөз.