Демалысыңызды «Дельфин» аквабағында өткізіңіз

240

Шомылу арқылы демалып, күнге қыздырынуды енді қаланың орталығында ақ жүзеге асыруға болады. Ол үшін Шымкенттегі Дельфин аквабағына келсеңіз болғаны, қалауыңыз орындалды дей беріңіз. Дәл осы мекенде сіз таза суға сүңги жүріп, тынығу кереуеттерінде естен кетпес демалыс күндерін өткізе аласыз.

«Дельфин» аквабағында Байқоңыр мен Сургут тіпті сонау Мәскеуден де арнайы келіп тынығып жүргендер бар. Өздерінің демалыс күндерін цирк әртістері осы жерде өткізуді шешіпті. Шымкентке іссапармен келген шығармашылық топ қала орталығында осылайша көңіл көтеруге болады деп ойламапты да. 

Күннің сәулелі шуағына қыздырынып, уақытты көңілді өткізгіңіз келе ме? Мұндай сәтте, «Дельфин» аквабағы сізді күтуге әзір. Демалыс орнындағы судан секіру тауларында асыр салған Шымкенттіктер мен қала тұрғындары қаладағы халайықты аквабаққа шақырады. 

Өзінің еңбек демалысын отбасымен бірге Дельфинде өткізуді Игорь Вербицкий де жоспарлапты. Қауырт жұмыстан қолы босамайтын тұлғаға шетел асып демалып қайтудың осы жылы еш мүмкіндігі болмаса керек. Вербицкийдің айтуынша, Дельфинде демалып тынығу, бұл Түркияға барып келгенмен тең көрінеді.

Аквабаққа жиі келетін қонақтардың бірі Сургут қаласынан келген осы азаматтар. Константин Матаев Шымкенттегі осы бір мекенге қызы мен жұбайын жыл сайын әкеледі.

Аквабағындағы бассейндерде осылайша үлкен де, кіші де асыр салып шомылып жүр. Айтпақшы, мұнда балғындар үшін жылы суға толтырылған арнайы кішігірім әуіттер де бар.