Колледж түлектері үшін алғашқы сынақ өтпек

Колледж бітірушілер тест тапсырады

Сандуғаш Ысқақ бұған дейін орта білімді «Жалын» колледжін тәмамдаған. Бүгін кешенді тестілеуге қатысу үшін соңғы күні құжатын тапсырмақ. Қазақ тілі бойынша білімін жалғастырмақ ниетімен ЖОО-на грант негізінде түсуге ниетті. Алайда үш жылдан бері кей бағдардамаларды ұмытып кеткендіктен, бойымызда үрей де бар дейді ол.

«Оқушылардың дені колледжге тестілеуден қашып барып түседі. Бірақ биылдан бастап колледжді бітіргендер де тест тапсырады деп жатыр. Сондықтан біз үш жыл ішінде мектеп бағдарламасында көп нәрселерді ұмытып та қалдық. Мәселен, математика. Қазір бойымызда қорқыныш бар. Дайындалып та жүрмін. Грантқа ілініп, тегін қазақ тілі мамандығы бойынша білімімді жалғатырамын деген үмітім бар»,- дейді Сандуғаш.

Биыл алғаш рет колледж түлектері ары қарай білімдерін жалғастыру үшін тест тапсырмақ. Жаңадан енгілілген жүйені әркім әр қилы қабылдауда. Ата аналар болса, ұл қыздары үшін уайымдауда. Жаңа ереже туралы бір жыл бұрын ескертілсе деген ойлары да жоқ емес.

«Колледжді бітіргендер үшін бұл кәдімгідей салмақ болғалы тұр. ӨЙткені оларды бір жыл бұрын ескертілсе, жақсы болар еді. Олар дайындалып үлгерер еді және  оқуға тегін түсуге де мүмкіндік болар еді»,- дейді ата-аналар.

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне маусымның 20-сы мен шілденің 4-і аралығында өткен құжат қабылдау кезінде  1200-ге жуық талапкер өтінішін білдіріпті. Ол үшін керегі:

1. Оқу орнын бітіргендігі жөнінде гі құжаттың тұпнұсқасы (диплом)

2. Мектепті бітіргендігі жөніндегі аттестат

3. Арнайы үлгіде өтініш толтырады

4. Тестке төлейтін ақша

5. Екі фотосурет

6. 086 үлгідегі медициналық анықтама

7. Куәлік

Колледж түлектері үшін биыл Қазақстан бойынша 2680 білім гранты бөлінсе, оның 1210-ы педагогикалық мамандықтарға, 500-і грант сырттай бөлімде оқитындарға тиесілі.Ал техникалық және ауыл шаруашылық мамандықтарға 1400 –дей орын бөлінген.

«Колледжді бітірген студенттер мен өткен жылы оқуға түсе алмай қалған оқушылар мемлекеттік конкурсқа қатысуға мүмкіндік алу үшін тест тапсыруға құжаттарын өткізіп болды. Тестілеу шілде айының 19 мен 22-сі аралығында өтеді. Олар тестілеу кезінде жинаған балымен тегін білім алуға таласа алады»,- дейді  М.Әуезов атындағы ОҚМУ қабылдау комиссиясының жакапты хатшы орынбасары Мұрат Айтөреев.