«Нұрсәттегі» үйлердің ауласы тар

автотұрақты көпқабатты үй
Қауіпті аула

«Нұрсәтте» тұратын біршама жерлестеріміз балаларының қауіпсіздігіне алаңдаулы. Өйткені, үйдің ауласы мен ойын алаңшасы тар. Арнайы автотұрақ та мұнда қарастырылмағандықтан кез-келген сәтте көліктен қауіп бар. Сондықтан жаздың күні ойынның нағыз қызатын уақыты – кешкі сағат 6-дан кейін ауланың балалары алаңсыз доп қуып, велосипед тебе алмайды.

Жасұлан Сейтмахан

Жасұлан Сейтмахан. Таңертеңгілік және түскі уақытта күн ыстық болады. Кешке ойынға шыққанда міндетті түрде бір бала көлікті қарап тұрады. Бір кездері тосыннан келген машина добымызды жарып жіберген. Мұндай жағдай аулада жиі болып тұрады.

Автокөлік иелері де ауланың тарлығына наразы. Жақын маңда автотұрақ болмағандықтан, жүргізушілер көліктерін есік алдына қоюға мәжбүр. Оған қоса темір тұлпарлардың қауіпсіздігіне кепілдік жоқ.

Самат Есжан көлік жүргізушісі, Ұрлық жағдайы жиі болады мұнда. Аула тар. Балаларымыздың қауіпсіздігін қосыңыз оған. Мәселен бір көпқабатты үйдің ауласына кем дегенде 10-нан аса көлік қана сияды. Ал бір үйде 1 машинадан бар деп есептеңіз енді. Жақын маңға автотұрақ салады деп үміттеніп жүрміз.

Бұл – «Нұрсәттегі» 10-нан аса көпқабатты үйдің жайы ғана. Шағынаудан бой көтеріп, халық қоныстанған бері басталған мәселеден құрылыс бөлімінің мамандары хабардар. Алайда оны шешуге әрекеттену енді кеш екен. Өйткені 2004 жылы «Южказпроект» ЖШС-і 2005-07 жылдарға арналған тұрғын үй құрылыс бағдарламасы аясында салынатын үйдің жобасында автотұрақты қарастырмаған.

Пердеғали Темірбеков, қалалық құрылыс бөлімі бастығының орынбасары

Пердеғали Темірбеков, қалалық құрылыс бөлімі бастығының орынбасары. Бас жоспарда кеткен қателік бұл. Амал жоқ. Нұрсатта болашақта пайдалануға берілетін 7 үйдің жертөлесінде автокөлік тұрағы қарастырылылды. 135 а,б,в және 128,129,217,218 үйлердің әрқайысының жертөлесінде 14 автокөлікке тұрақ болады енді.

Аз-кем болса да көліктер өз орындарын табар деп, мұның өзіне қуандық. Ал шағынаудандағы құрылысы енді басталған жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақша қаптаған түрлі нысандарға тиесілі автокөліктердің жәйі болашақта қалай болары белгісіз.