Шымкентте кәсіпкерді қорқытып ақша алған тонаушылар құрықталды

289

Шымкентте кәсіпкерді қорқытып ақша алып келген тонаушылар құрықталды. Бұл топ төрт жігіттен тұрады. Жігіттердің жетекшісі 34 те болса араларында кішісі 20 жаста. Кәсіпкерді жылатып ақша алып жүргендер бүгінде қамауда.

Бұл жігіттер 2011 жылы қаладығы қалталы кәсәпкердің бірін қармақтарына ілген. Олар жеке кәсіпкерге ай сайын ақша бересін деп міндеттеген. Олай болмаған жағдайда отбасыңа жаман болады деп кәсіпкерді әбден қорқытып қойған.

Байғұс жәбірленуші қорықанынан ешқайда арызданбастан 5 ай бойы әлгі бопсалушыларға 3000 доллардан беріп отырған. Жалпы 15 000 доллар алған тонаушылар аяғында есіріп, жылдың қараша айында бірден 10 000 АҚШ долларын тауып бер деп талап етеді.

Жәбірленушіден алынған көлікке жүрек жұтқан жігіттер жалған құжат жасап, өздері заңсыз темір тұлпарды иелік етіп алған. Бұл әрекет үшін тағы бап қосылады.

Кәсіпкерге келтірілген шығын көлемі 70 000 АҚШ долларын құрап отыр. Күдікті жігіттердің үстінен ҚР ҚК-нің екі бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бүгінде іс құжаттар сотқа жолданды.