Шымкентте кешенді тестілеу науқаны аяқталды

366

Шымкентте кешенді тестілеу науқаны аяқталды. Арнайы орта оқу орындары мен колледждерді тәмамдағандармен қатар былтырғы ҰБТ сынағынан сүрінгендер осы жолы тағы да бақтарын сынап көрді. Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінде өткен кешенді тестілеудің барысын біз де көріп қайтқан болатын.

Таңсәріден оқу ордасы алдына жиналған топтың қарасы қалың. Кешенді тестілеуге үмітін үкілеп келгендер осы жолы бар жиған білімін бәсекеге салмақ. Тексеруден өткендер аудиторияларына қарай ағылып жатты.
Бұл жолы кешенді тестілеуге 1000-нан астам шәкірт қатысты. Аудиторияларда ұялы0 байланысты өшіретін құралдар мен бейнебақылау камералары жұмыс істеп тұр. Бақылаушылар жағы бәрін қадағалауда ұстап отырмыз дейді. Тест тапсырушылар ересектер болғандықтан тәртіп бұзу, денсаулығы нашарлау сияқты оқыс оқиғалар тіркелмепті.

Ата-аналар да сыртта тұрып, баласының бар қимылын бақылауда ұстады. Дегенмен, аудиторияларға қарап айқайлап, көмек беремін деушілер де кездесті.  Осыдан соң кешенді тестілеудің қаншалықты әділ өткенін байқауға болады. 

Орталық мамандары кешенді тестілеудің қорытындысы шілденің 25-не белгілі болатынын мәлімдеді. Сол кезде былтырғы жылғы көрсеткішпен салыстыра отырып, нәтижені шығаруға болады. Сонда биыл кешенді тест тапсырған шәкірттердің білім деңгейі әлдеқайда төмен болды деген ел аузындағы сөздің негізді, негізсіз екені нақтыланады.