Шымкентте «Спортмастер» бренд-дүкені ашылды

518

Спорттық жабдықтар әлемінде жаңалық! Шымкентте «Спортмастер» бренд-дүкені ашылды. Спортқа жақын әрі сәнмен киінгісі келетін жандар мұнда іздеген бұйымдарын таба алады. Дүкенде арнайы киімдерден бастап, құрал-жабдықтарға дейін бар. Ал ең бастысы – бағалары қымбат емес.

«Әл Фараби» сауда кешенінде «Спортмастер» дүкені ашылғаны сол екен, сатып алушылары да ұзақ күттірмеді. Өйткені, «Спортмастер» Ресей мен Астана, Алматы сәнқойларының көңілін жаулап үлгерген. Бренд-дүкен Шымқалада да өз сәнін қалыптастырмақ.

Ахан Бейсенбаев, «Әл Фараби» СК-нің президенті: «Біз мәскеулік «СпортМастер» компаниясымен бірге жаңа кешен аштық. Әлемдік стандартқа сай гипермартек болдық. Сапалы дүниеге жеңілдіктеріміз де жоқ емес. Заттарымыз тиімді бағада сатылуда».

Дүкенге алғашқы сатып алушылар өз бағасын беріп те үлгерді. Мұндағылар сапаны басты назарға қойған. Оның үстіне таңдау да сан-алуан. Қарапайым спорт тауарларынан бастап, соңғы үлгідегі техникалық құралдардың неше түрі бар. Кішкентай Алинаға сыйлықты ата-анасы дәл осы «Спортмастерден» таңдапты.

Эльмира, сатып алушы: » Біз аяқ киім сатып алдық Жақсы дүкен. Таңдау да өте көп. Сатушылар да жылы жүзді».

Брендтің қымбат болуы шарт емес. Мұны дәл осы дүкен дәлелдеді. Мұндағы тауарлардың бағасы қолжетімді деңгейде.

Мария Пахомова, сатушы:  «Әр сатып алушыға 2,5 мың бонус түседі. Әр бонус бір теңге. Оны ақша ретінде пайдаланса болады. Сонымен қатар, сатып алу картасы да жұмыс істейді».

Дүкен басшылығы ашылу құрметтеріне орай жазғы жеңілдіктер кезеңін ұйымдастырыпты. Бұл акция 15-шілдеге дейін жалғасады.