Шымкентте тозығы жеткен магистралды жылу құбырлары жаңалануда.

206
Абай ауданынындағы 5-6 үй қысқа дайын емес

Қаламызда алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары ерте көктемде басталған болатын. «3-Энергоорталық» АҚ инвестициялық бағдарлама негізінде Шымкенттегі тозығы жеткен магистральді жылу құбырларын ауыстыруда. Бүгінде Шымкенттің орталық көшелерінің бірі- Тәуке хан даңғылының бойындағы жылу құбырлары жаңалануда. Асқаров көшесіндегі 24-ші құдықтан бастауын алған жылу жүйесін алмастыру маусым айында басталған. Қала тұрғыны Фарида Әнапияева жылу берушілердің бұл қадамын құптап, шарапатты істің қыста нәтиже беретініне сенеді.

Фарида Әнапияева, қала тұрғыны: «Бұрын жылу нашар болған ,енді жақсы болатын шығар».

Құрылысшылар жөндеу жұмыстарының негізгі бөлігін аяқтапты. Қазіргі таңда олар құбырларды жылу сақтайтын материалдармен қаптап жатыр.

 Әбдіхалық МҮТӘЛІП, мердігер компания бастығының орынбасары: » Тамыз айына дейін аяқтауымыз керек.  Ауа райы қарасса, одан да ерте бітіретін ойымыз бар. Кедергілер болды.Мысалы МАИ қызметкерлері жол қозғалысына кедергі жасайсыңдар деп, жұмысты бір екі үш күнге тоқтатқан. Қазір енді екі аусымда  жұмыс істеудеміз».

Құрылысшы жұмысқа кедергі болып тұрған бір жайтты жасырмады. Ол – коммерциялық нысандардың «қызыл сызықтан» асып кетуі. Маңызды жылу жүйелері өтетін жерде сауда орындарын салуға рұқсат берген жергілікті биліктегілер осындай келеңсіздіктерге неге назар аудармайтыны түсінісіз. Егер осы кедергілер болмағанда, жұмыстар ерте аяқталар еді дейді маман.