Психологтардың айтуынша, адам баласының бойында тағылық қасиеттердің де ұялап жататыны бар. Ішкі мәдениеттің төмендігі кейде сол тағылық «қасиеттің» бас көтеруіне түрткі болатын көрінеді. Әйтпесе, елдің көз қуанышы үшін, ауылдың ажарын ашу мақсатында жасалған төменде көрсетіліп отырған суреттегідей жағдайға бармас едік қой. Бұл Қазығұрт ауданы орталығындағы саябақтан көріністер. «Ғашықтар аллеясындағы» әдемі ескерткіштің бүгінгі сиқы осындай.
Ескерткішті қашап, атын жазған жастарда ұяттың жоқтығын аңғару қиын емес. Дегенмен, ескерткіштерге бас-көз болып, түзетіп, бүлінбеуін көзден таса етпейтін тиісті мамандар қайда қарап отыр екен?!