Оңтүстіктің үш ұстазы — «Үздік педагог»

Үздік ұстаз

Алғаш рет республика тарихында 48 ұстаз «Үздік педагог» атағына ие болып, 1 млн. 619 мың теңге сыйақы алды. Бұл ұстаздар мерекесіне орай Алматы қаласында «Үздік ұстаздардың» республикалық форумында белгілі болды. Форумға еліміздің түкпір-түкпірінен 400-ге жуық мұғалім қатысқан болатын.

Біздің  облысымыздан 11 ұстаз аттанған еді, олардың үшеуі үздік атанып қайтты. Олар Айдосова Гүлшахар Бегманқызы (Нұртас Оңдасынов атындағы №38 мектеп гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі), Қалышева Алтыншаш Көшкінбайқызы (Қазығұрт ауданы П.Тәжібаев атындағы орта мектептің орыс тілі мен әдебиеті  пәнінің мұғалімі), Әбжан Бақытжан Асланұлы ( Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледждің оқытушысы).

Үздік ұстаз

«Жыл сайын ұстаз қауымына көрсетілетін құрмет ерекше ғой. Қаншама жыл еткен еңбек пен төккен тердің бағаланып, еленіп жатқаны көңіл қуантады. Алғаш рет ұйымдастырылған Қазақстанның үздік мұғалімдерінің балына да қатысып қайттық. Білім саласында қызмет етіп келе жатқаныма биыл 34 жыл болды. Әлі де талай шәкірттің өмірдің бір кірпіші болып қалануына өз үлесімізді қосамыз» — дейді білікті ұстаз Айдосова Гүлшахар Бегманқызы.

Гүлшахар апай орыс сыныптарына қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ берді.  5-9 сыныптарға арналған ұлттық мектептердегі қазақ тілін оқыту бойынша «Салыстырмалы грамматика» бағдарламасының авторы.

Ұстаз деген ұлылыққа бас имейтін жан жоқ шығар, сірә?! Біз де төл мерекелерінде көл-көсір қуанышқа кенелген ұстаздарды жеңісімен құттықтаймыз!

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=wff4Gy-F4zs[/youtube]