Шымкенттің кикбоксшылары Әлем кубогі үшін таластан жүлдемен оралды

221
Бабур Артықбаев ресейлік қарсыласынан басым болған

 

Бабур Артықбаев ресейлік қарсыласынан басым болған

Шымкенттің гимнасшылары жарыстан келе салысымен-ақ қайта жарысқа шыққан. Былғары қапты тоқпақтың астына алған жерлестеріміз жуырда ғана Әлем кубогі үшін таластан жүлдемен оралды. Украинада жалауын көтерген байрақты доданың қорытындысы бойынша оңтүстіктің қоржынына екі бірдей алтын медаль салынды.

Ұлттық құраманың сапында оңтүстіктің төрт кикбоксшысы ептілігін сынға салды. Олардың арасынан Ғалымжан Қанаев күмістен алқа тақты. Төрт жекпе жек өткізіп, ақтық сында ресейлік спортшыға есесін жіберіп алған.

Ал Бабур Артықбаев болса Красноярскте өткен ресейліктерге қарсы жекпе жекте қарсыласынан басым бола білді. 75 келі салмақты жерлесіміз өзінен 6 салмақ ауыр спортшыға төтеп беруге тырысыпты. Алайда бұл жолы қазақстандықтар жеңіліс тапты.

Енді қараша айында шымкенттіктер қазақстан кубогін сарапқа салу үшін тырысып бағады. Ал келесі жылы бұл жерлестеріміздің алдында бүкіләлемдік ойындар күтіп тұр. Бұл жолы да жеңіске жетсек деп жоспарлайды бапкерлер жағы.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=H7QZNlaWYe8[/youtube]