Шымкенттің самбошылары Әлем чемпионатынан оралды

264

 

Чемпиондарды туыстары бауырына басып, жеңісімен құттықтап жатты

Ұлттық құраманың сапында ептілігін сынға салған екі бірдей жерлесіміз алтын медальді қанжығасына байлады. Тағы үш балуан қоладан алқа тақты.

Гаухар Тұрмаханова әйелдер арасында топ жарды. Әлемдік аренада үздік танылған жерлесіміз енді Олимпиадаға жолдама алсам деп армандайды. Дінмұхаммед Серіков та облыс қоржынына алтын медаль салды.

Бүгін Әлем чемпиондарын қала әкімі Қайрат Молдасеитов арнайы қарсы алды. Самбошыларды  алғыс хатпен марапаттап, балуандардың бүгінгі жағдайымен де танысты.

Енді самбо шеберлері Минскте өтетін ересектер арасындағы Әлем чемпионатына дайындығын бастайды. Бұл жастар алдағы уақытта жасы үлкендермен ептілігін байқап көреді.

Мұрат Қыпшақбаев, №10 жекпе жек түрлері мектебінің директоры: «Қала әкіміне алғаш рет келіп отырмыз. Ал Әлем чемпионы атанып, Қайрат Құсеинұлының алғыс хатын алу жас балуандарға мақтаныш. Енді алдағы уақытта да жеңісіміз арта түседі деген үміттеміз».

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=4hI3uPU3e10[/youtube]