«Жеңіс» саябағының атауы өзгере ме?

"Жеңіс" саябағының атауы жаңа кейіпте

 

Саябақта демалып жүрген ардагерлер наразы

«Жеңіс» саябағының алдына қазақтың батыр ұлы Сабыр Рақымовтың ескерткіші орнатылды. Осыған орай «Жеңіс» саябағының аты жазылған аспалы тақтайша алынып тасталған еді. Ал қала тұрғындары осыдан кейін саябақтың енді аты болмайды екен деген қауіптері жоқ екендіктерін жасырмады.

Шымқалада туып-өскен Тұмар Омаров үшін Жеңіс саябағының орны бөлек. Ардагерлерге арналған орынға жиі келіп демалатын ол үлкен аспалы тақтайдың алынып тасталғанына наразы.

«Кеңес заманынан бергі аты бар еді.  Бәріміз мақтан тұтатынбыз. Аспалы тақтайша есесіне ескерткіштің сәнін келтірмесе, көркін бұзбас еді. Оның үстіне, жақында ардагерлер кеңесінің төрағасы «Жеңіс» саябағының ресми атауы, құжаттары жоқ деді. Расында сондай болса, саябақтың атауын қайтару керек деп ойлаймын. Өйткені, ол- ардагерлердің көзі»,-дейді қаланың тұрғыны Тұрар Омаров.

Ал бұған жауапты мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мамандары тұрғындардың мазасыздануына себеп жоқ дейді. Яғни, саябақтың атауы өзгеріссіз қалады және ресми құжаттары түгел.

«Cаябақтың атын өзгерту немесе басқа атау беру сияқты мәселе көретілген жоқ. Себебі, ол өз атауына лайық. Ардагерлеріміздің құрметіне орай1982 жылы «Победа» деген атауға ие болып, еліміз Тәуелсіздік алғаннна соң 1993 жылы қазақшаланып, саябақ ресми түрде «Жеңіс» деп аталған. Құжаттары бар»,- дейді Шымкент қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Мұрат Базарқұлов.

«Жеңіс» деген атауға ие болған саябақты айшықтап тұрған кішкентай тақтайшаның орнатылуын ардагерлер де құп көрмейді. Өйткені саябақ өз атына лайық, алыстан көзге мен мұндалап көрініп тұратындай болу керек деп біледі. 

«Саябақтың атауын кішкентай тақтайшамен белгілеу дұрыс емес. Оны аты азаты сай етіп, үлкен етіп, көрсету керек. Бірақ ескерткіштің төбесінен емес, оның сол жағынан тұрғызған жөн. Солк езде ескерткіш де әдемі болып көрінеді»,-деді 68 жастағы зейнеткер Фатима Қайыргелдіқызы. 

Ал жауапты мамандар батыр Сабыр Рахымов ескерткішінің оң жағында қойылған тақтайша қалалық сәулет кеңесінің ұйғарымымен заманауи үлгіде салынған дейді. Сондықтан оның алдағы уақытта өзгеру-өзгермеуі екіталай.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=uesXIEInP9Q[/youtube]