Бүлдіршінді ұрған тәрбиешіні ата-ана сотқа шағымданды

393
Тәрбиеші балаға қолының ұшын да тигізбегенін айтып ақталуда
Тәрбиеші балаға қолының ұшын да тигізбегенін айтып ақталуда

Балабақша тәрбиешісі мен ата-ана арасындағы шулы оқиға жалғасын тапты. 2 жасар қызымды бала бақшада ұрып тастады деп шырылдаған Сапаркүл Қапланова сотқа шағымданды. Бірақ мамандандырылған әкімшілік істері жөніндегі сот талап арызды кері қайтарып жіберіпті. Өйткені ішкі істер саласы өкілдері құжаттарды дұрыс толтырмаған болып шықты. Ал ата-ана болса сотқа қайта шағымданамын деп тас түйін.

Бүлдіршіннің анасы мен тәрбиеші арасындағы айтыс тартыс сот ғимаратында да жалғасты. Бұған дейін балабақша мамандары тәрбиешінің балаға қол жұмсағанын жоққа шығарып еді, ал Сапаркүл Қапланова ол кінәсін жеке өзіме мойындаған деп отыр.

Десе де тәрбиешінің болған оқиғаға қатысты өз айтары бар. Бала құлап қалған деп безілдейді.

Саида Сәдібекова, бала бақша тәрбиешісі: «Бала бақшада болған жағдай болғаны үшін кешірім сұрағаным рас. Ол бала құлап қалды, мен үлгере алмай қалдым».

Осылайша екі жақ Сот ғимаратында да шу шығарды. Сол кезде ата-аналар комитетінің төрағасы балаға қол көтеру жиілеп кетті деп Сапаркүл Қапланованы қолдады.

Әнуарбек Бейсе, облыстық ата аналар комитетінің төрағасы: «Бала ұру мода боп барады. Мына әйел бекерден бекер жүгіріп жүрген жоқ баласы үшін шырылдап…»

Екі жақ дауласып жатқанда мамандандырылған әкімшілік істері жөніндегі сот аталған істі кері қайтарған. Бірақ әл-Фараби аудандық ІІб-нің қызметкерелері бұл жайында ақпар бергісі жоқ.

Сапаркүл Қапланова, анасы: «Сотқа дейінгі материалдар дұрыс толтырылмағандығы себепті сот кері қайтарды. біз ары қарай да жалғастыратын боламыз».

Сөйтіп бала бақшаға бүлдіршінін сеніп тапсырып, енді келіп, әділдік іздеп сандалған ата ана тауы шағылмақ емес. Бұл басқаға сабақ болсын дейді ол.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=EjoHMcS7bUw[/youtube]