Úı Jańalyqtar «Изуми» сауда жүйесі зағип жандарға сыйлық табыс етті

«Изуми» сауда жүйесі зағип жандарға сыйлық табыс етті

Үміт мектеп интернатының балғындарына Изуми сауда жүйесі көмек көрсетті

 

Үміт мектеп интернатының балғындарына Изуми сауда жүйесі көмек көрсетті

«Үміт» мектеп-интернаты  балғындарының мүмкіндігі шектеулі екеніне қарамастан балалық шақтары өз маңызын жоғалтқан жоқ. Қоршаған әлемді толық көре алмаса да олар өмірге құштар. Көзі нашар көретін балаларға арналған «Үміт» интернаты осындай ұл-қыздарға арналған облыстағы жалғыз оқу орны. Дүниежүзілік зағиптар күні «Изуми» сауда желісінің бастығы Өмірәлі Ералиев балаларға сыйлықтар табыстады.

Өмірәлі Ералиев, Изуми сауда желісінің директоры : «13-қараша зағип жандар күні «Изуми» компаниясы мектеп-интернатқа сыйлықтар алып келді. Біз, кәсіпкер азаматтар, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көмектесуіміз керек».

1993 жылы ашылған «Үміт» мектеп-интернатында содан бері мыңдаған балғын өмірге қанаттанып аттанды. Мұнда бүгінде 185 бала оқиды. Мереке күні қонақтар интернаттың жеткен жетістіктері мен қазіргі тыныс-тіршілігімен танысты.

Бегайша Нұрғазина, «Үміт»мектеп-интернатының директоры: «Сіздердің телеарналарыңыз арқылы «Изуми» компаниясының ұжымы және көп жылдары бізге көмек көрсетіп, қолдап жүрген басқа демеушілерге алғысымызды білдіреміз. Бұл балаларға көмек әрқашанда  қажет «.

Бүгінгі іс-шараға мектептің тәрбиленушілері оқытушылармен бірге мерекелік бағдарлама әзірлепті. Тағдыр тәлкегіне ұшыраса да рухы биік дарынды балалардың қатарында интернаттың мақтанышы — «Сәт» тобы да болды. Бұл күні шырқалған әндер арқылы балалар білім ошағына үнемі қолдау көрсеткен адамдарға ризашылықтарын жеткізді 

Тәрбиеленуші: «Сыйлықтар алып келгеніне біз өте қуаныштымыз. Сондықтан да бүгін көңіл күйіміз көтеріңкі».

Оқушылардың арманы — әлемнің қанық бояуларын көбен көріп, қанығу. Интернаттың басшылығы өздерінің тәрбиеленушілерін мақтан тұтады. Өйткені, олар біріне-бірі көмек көрсетуге дайын, тату жанұя.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=wY-Umfnr1I0[/youtube]