Оңтүстікте күн күрт суытады

209
алғашқы қар Шымкентке жұма күні жауды
алғашқы қар Шымкентке жұма күні жауды

Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті ескертеді.

16- қараша күні Оңтүстіктің кейбір аймақтарында қатты жауын-шашын жауып,  батыс, солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетуі мүмкін. Сондай-ақ 20-қараша күні тнде ауа температурасы облыс бойынша -10,-15 градусқа дейін төмендейді.Кей жерлерде -20 градусқа дейін суық болады деп күтілуде.

ОҚО төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті бақытсыз жайлар мен сәтсіз оқиғалардың алдын алу үшін барлық қауіпсіздік шараларын қолға алуды ескертеді.