Оралмандар қыста далада қалды

493
Оралмандар қыста баспанасыз қалғандығын айтады
Оралмандар қыста баспанасыз қалғандығын айтады

Қыстың көзі қырауда далада қалдық! Баспана сұраған оралмандар осылай деп шағымдануда. Облыс әкімдігінің алдына жиналған олар билікке бар жайды жайып салмақ. Үш ай бойы оралмандарды оңалту орталығының жатақханасын паналап келген олар енді көшеде қаламыз ба деп қорқады. Өзбекстаннан атамекеніне қоныс аударғанына талай уақыт өтсе де басына баспана түгіл азаматтық ала алмағандар осылай деп ашынады.

Сапаркүл Арапова, оралман: «Келгеніме 1,5 жыл болды. Не азаматтық жоқ, соның кесірінен мүгедектік туралы анықтама ала алмай отырмын. Баспана жоқ, бес балам бар. Күйеуім де жұмысқа тұра алмай жатыр. Тапқанымыз тіршілігімізге әзер жетеді. Неістеуіміз керек, айтыңдаршы?!»

Оралмандардың бейімдеу орталығының жатақханасында тұрып жатқандарына 3 ай болған. Қосымша мамандықты игерген олар 3 айдан соң жатақхана бөлмелерін босатуы тиіс.

Гүлнәр Байжанова, оралмандарды оңалту орталығының әдіскері: «Мен бұларға сабақ өткен сайын түсіндірем, үш айдан артық оңалту орталығында ұстай алмаймыз. Заң солай».

Тайлы-тұяғымен Қазақстанға көшіп келгендердің билікке айтары мен қойып отырған талаптары да аз емес. «Квота мәселесін шешіп берсін, жер берсін немесе басымызға баспана тауып берсін. Осы үш мәселе шешілсе, біздің де жағдайымыз оңалар еді. Шиттей балалармен қыс ауасында кімді, нені паналаймыз»-дейді олар.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=l9tf390MnNg[/youtube]