Парасат колледжі ұстаздар арасында жарыс ұйымдастырды

460
ОҚГИ жанындағы Парасат колледжі ұйымдастырған жарыс
ОҚГИ жанындағы Парасат колледжі ұйымдастырған жарыс
№39 мектептің ұжымы Шымкенттегі оқу орындары арасында волейболдан мықты саналатын командалардың бірі. Бұл жолы ұстаздардан құралған команда өз ептілігін ОҚГИ-жанындағы Парасат колледжінің ұйымдастыруымен өткен жарыста байқатты.
Бақытжан Тұңғышбаев №39 мектептің мұғалімі: «Спорт-денсаулық кепілі. Сондықтан, жарысты өзімізден бастап оқушыларымызға үлгі болайық дедік. Парасат колледжіне Рахмет!»
Әрдайым салауатты өмір салтын қалыптастыруда белсенділік танытатын колледж студентері бүгін ұстаздарына жанкүйер болуға келген.  Волейболдан бәсекені ұйымдастырған Парасаттықтар сайысты облысымыздың 80 жылдық мерейтойына арнапты. Мұнда бақ сынауға Сайрамнан 3 мектеп ұжымы және қаладан 3 команда келіпті. Айналмалы жүйе бойынша жеңімпаз анықталады.
Ал Парасат колледжі мен Мәртөбелік ұстаздар сынға түскен ойын 2 де 0 есебімен алаң иелерінің жеңісімен аяқталды. Жарыста биіктен көрінген командалар бағалы сыйлықтармен марапатталып, үздік ойыншыларда назардан тыс қалмады.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=vjcFLoRFl7Q[/youtube]