Шымкент зообағына жиырмадан астам жануар әкелінді

374
Зообақта толығу бар

 

Зообақта толығу бар

Шымкент зообағы жаңа хайуанаттармен толықты. Мұнда Алматыдан жиырмадан астам жануар әкелінді. Әзірше олар жерсініп алу үшін бөлек күтілуде. Зообақ қызметкерлері осы түз тағыларын көруге біздің түсіру тобына рұқсат берді.

Зообақ қызметкері Айнұр Әжікеева жақында алып келінген жануарларға қамқорлық жасаудан шаршамайды. Осында жеткізілгендеріне бір апта уақыт енді өткеніне қарамастан бұл жануарлар мұндағы қызметкерлердің көңілінен шығып үлгерген.

Алматы зообағынан алып келінген мына жануарлар шымкенттіктердің сүйіктісіне айналарына дау жоқ. Жаңа қонысқа үйрене алмаған хайуанаттар аздап мазасызданып тұр. Жайраның бірнеше түрі, сондай-ақ жыртқыш құстардың да бірталайы, бас-аяғы 20-ға жуық аң-құс жеткізілген.

Бекітілген ереже бойынша жаңадан әкелінген жануарлар 1 ай карантинде болады. Сондықтан шымкенттіктер желтоқсан айының соңында дейін оларды тамашалауға мүмкіндік алып отыр.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=K_XEKabDOLI[/youtube]